Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мынбаев көш, 102 үй

Робототехника үйірмесі

Жетекшісі: Носкова Лариса Леонидовна

 

Курс робототехникалық спорттық міндеттерді шешуге және қалалық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға мүдделі, құмар балаларға арналған. Үйірме жұмысына оқушылар 5-сыныптан бастап  қатысады. Үйірмеде жұмыс Arduino және LEGO конструкторлары негізінде жүргізіледі.

 

Мақсаты – балаларға Arduino және LEGO роботтарын бағдарламалау және инновациялық технологиялар саласында білім беру, техникалық шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу, инновациялық қызметті дамыту, техникалық құрастыру дағдыларын игеру, радио-құрастыру элементтерімен танысу, ұсақ моториканы дамыту, конструкция ұғымдарын және негізгі қасиеттерін (қаттылық, беріктік, тұрақтылық) зерттеу, топта өзара іс-қимыл жасау дағдысы.

Көптеген маңызды және қызықты робототехника жарыстары бар. Оларға қатысу командалық жұмыс, жобаны жүргізу және іске асыру дағдыларын дамытады. Жоғары жылдамдыққа және роботтың тұрақты жұмысына қол жеткізу үшін деректерді өңдеудің маңызды алгоритмдерін игеру қажет. Біздің үйірменің жұмысы барысында балалар «Almaty Roboman 2018-2019» жаңа жылдық турниріне, «KazRoboSport» жарыстарының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысты, онда Робо-сумо жарыстарында Гусаков Захар 3 орынға ие болды. 2019 жылдың қараша айында Almaty Roboman 2019-2020 турнирінің 3 іріктеу турына қатысты. Ал 2020 жылдың ақпан айында робототехника бойынша 6-8 сынып оқушылары арасында өткен 1 Республикалық олимпиадаға қатысып, Байбулов Д., Романов Д. және Жерновых Ярослав 2 орынға ие болды.

 

Үйірмедегі сабақтар нақты дағдылардан басқа көптеген жалпы дағдыларды дамытады: логикалық ойлау және жүйелі ойлау, табандылық, зейін, ұқыптылық, шығармашылық ойлау – бұл жерде қиялға ерік бермесе болмайды, әрине. Үйірмеде бала қарапайым темір мен пластиктің бөліктеріне жан бітіре отырып, таңғажайып заттар жасайды. Бұл жұмысқа деген үлкен мотивация, ол іс жүзінде сол физика оқулығындағы түсініксіз сөздер жиынтығы емес, шынымен де қызықты пән екенін көрсетеді, сонымен қатар оқушыларға танымдық ойын түрінде көптеген маңызды идеяларды білуге және өмірде қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мынбаев көш, 102 үй